Түркістан: Қазығұртта «IT Jas IQ» робототехника байқауы өтті

Түркістан облысында жасөспірімдердің инженерлік қабілетін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі – «IT Jas IQ» облыстық робототехника байқауы Қазығұрт ауданында өтті. Аталған іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырып, Қазығұрт ауданы әкімдігі қолдау көрсетті.

Байқауға өңірдің жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан келген 8–11 сынып оқушылары қатысып, өзара білім мен біліктілік деңгейін сынады. Жастардың робототехника мен бағдарламалауға қызығушылығын арттыру, инженерлік ойлау қабілетін дамыту – байқаудың басты мақсаты болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мансия Есекеева, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев қатысып, жас өнертапқыштарға сәттілік тіледі.

Байқау халықаралық деңгейдегі FIRST LEGO League Challenge аясындағы «UNEARTHED» тақырыбы бойынша өтті. Қатысушылар мұхиттарды зерттеу, экология және археология бағыттарында тың идеялар ұсынып, инновациялық жобаларын қорғады. Сайыс барысында командалар төрт негізгі кезең бойынша бақ сынады:
– инновациялық жобаларды таныстыру;
– роботтар ойынында 15 миссияны орындау;
– робот дизайнын қорғау;
– командалық құндылықтарды көрсету.

 Нәтижесінде үздіктер анықталды:
 І орын – Қазығұрт ауданының Qazygurt командасы  ІІ орын – Шардара ауданының Shardara Daryn командасы ІІІ орын – Қазығұрт ауданының Sunkar Q командасы IV орын – Созақ ауданының RoboSozak командасы

 Байқау жас таланттардың техникалық қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың болашақта ІТ және инженерия саласында үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашатын маңызды алаңға айналды

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министрдің төрағалығымен  құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды

Қазақстанда балаларға арналған SIM карта пайда болмақ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo