Түркістанда жанармай бағасы мен қоры қатаң бақылауда

Түркістан қаласы аумағында жанармай бағасы мен қорына тұрақты бақылау жүргізілуде. Бұл – нарықтағы тұрақтылықты сақтау және тұрғындарды сапалы отынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған маңызды шаралардың бірі.

Қала бойынша қазіргі таңда 24 жанар-жағармай құю бекеті жұмыс істейді. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін барлық жанармай станцияларында жүйелі мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

 Бақылау барысында бірнеше негізгі көрсеткіштер назарға алынуда:
– жанармай бағасының деңгейі;
– қор көлемі;
– қызмет көрсету сапасы.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы жанармаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі экономикалық тұрақтылықты сақтау.

Қазіргі уақытта қала бойынша жанармай бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр. Жауапты мекемелер мониторинг жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, жағдайды тұрақты бақылауда ұстайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлік жаңалық: Төлебиде мемлекеттік қызметшілер 18 шақырым өзен бойын тазалады

Альфия Адамбек

Арыстың төрт жігіті Отан қорғауға аттанды

berdaly_oraz

Сарыағашта “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 30-дан астам көшеге асфальт төселді