Қазығұрт туралы кино түсіру жобасы бастау алды

дереккөз фото Қазығұрт ауданы саитынан алынды

Қазығұрт тауы – тарихи әрі киелі мекен ретінде жаңа мәдени бастаманың өзегіне айналды. Өңірде Қазығұрттың рухани және тарихи құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған кино түсіру жобасы ресми түрде бастау алды.

Тағылымды кездесуге Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, кинорежиссер әрі драматург, халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен бірге, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш және түсірілім тобының мүшелері де жиында болды.

Кездесуге аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, өңірдің тарихи-танымдық әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында Қазығұрт өңірінің киелі орындары, олардың ел жадындағы орны мен тарихи маңызы кеңінен талқыланды. Қонақтар табиғи сұлулық пен аңызға толы мұраны дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, өңірдің туризмін дамыту, тарихи орындарды жаңғырту және оларды заманауи форматта таныстыру мәселелері жан-жақты қаралды.

Кездесу аясында Айғақ телерадиокомпаниясы тарапынан Қазығұрттың тарихи келбеті мен мәдени ерекшеліктерін көрсететін тележобалар мен деректі фильмдер түсіру жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Аудан басшысы шығармашылық топтармен бірлескен жұмыстардың маңызы зор екенін айтып, мұндай бастамаларға алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи мұраға деген құрметті арттыру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазығұрттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және оны жаңа деңгейге көтеру бағытында бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық 100 қолөнер шебері Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

Қазақстанда никабқа тыйым салу мәселесі Мәжілісте қаралып жатыр — Аида Балаева

berdaly_oraz

Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды