ЖӘРМЕҢКЕДЕ 14 ТОННАДАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ҰСЫНЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Бүгін Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында орналасқан №13 тұрғын үйдің автотұрағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Мақтарал, Сауран, Жетісай, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының жергілікті кәсіпкерлері қатысып, тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңке барысында жалпы көлемі 14 тоннадан астам азық-түлік тауарлары қала тұрғындары мен қонақтарына нарық бағасынан төмен, қолжетімді бағамен сатылымға шығарылды.

Мұндай жәрмеңкелер халықты әлеуметтік қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Шара барысында тұрғындар күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды

АҚ АЛТЫН АЛҚАПТАРЫНДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК БАСТАЛДЫ

 12 шілдеден бастап әкімдіктер жалдамалы пәтерлерді тексереді

Redaktor Arysinfo