МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ХҚКО ЖӘНЕ МХҚКО ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (МХҚКО) мамыр айындағы мерекелік күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады.

Мәліметке сәйкес, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай 1, 7 және 9 мамыр күндері орталықтар жұмыс істемейді.

Ал 2 және 11 мамыр күндері кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар азаматтарға қызмет көрсетеді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүргізіледі. Дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Түркістан әуендері»: ашық аспан астындағы концерт тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады

Redaktor Arysinfo

АРЫС: МОНТАЙТАС АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Redaktor Arysinfo

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ