БАЗАРЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Дереккөз, фото: Жетісай ауд әкімдігі

Жетісай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар бизнестің заңды әрі ашық жүргізілуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте сауда орындарындағы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық тазалық нормаларын сақтау мәселесі басты назарда.

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен арнайы жұмысшы топ құрылып, базарлар мен ретсіз сауда орындарында тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Тексерулердің негізгі мақсаты – рұқсатсыз сауда нүктелерін анықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау, сондай-ақ өрт және техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалау.

Кезекті зерделеу барысында аудан басшысы қаладағы «Күлпаршын» және «Қарақай» базарларында болып, М.Әуезов, С.Қожанов көшелері бойында бейберекет сауда жасап отырған азаматтармен, сондай-ақ Ш.Құдайбердиев көшесіндегі заңсыз автотұрақ иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір саудагерлер санитарлық талаптарды сақтамаған, арық-атыздардың үстіне заңсыз дүңгіршектер орнатып, қоқыс тастаған. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында өрт және техника қауіпсіздігі ережелерінің толық сақталмай отырғаны белгілі болды.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Базар әкімшіліктеріне кәмелетке толмағандардың сауда жасауына жол бермеу, ретсіз саудамен айналысатын азаматтарды арнайы белгіленген орындарға орналастыру, сондай-ақ сауда нысандарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың табысын шектеу емес, керісінше олардың кәсібін заңдастыруға қолдау көрсету. Сонымен бірге, санитарлық тазалықты сақтау, өрт және техника қауіпсіздігі талаптарын күшейту арқылы тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОРДАБАСЫДА ТӨРТ АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

berdaly_oraz

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

berdaly_oraz

Тоқаев: «Қыз алып қашу – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел қылмыс»

berdaly_oraz