ЖАСКЕШУДЕ ЖАҢА ӨНДІРІС КООПЕРАТИВІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

Аудан әкімі Асқар Естібаев Жаскешу ауылдық округінде құрылған «Жаскешу өнімдері» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Аталған кооператив ауыл шаруашылығы саласын дамыту, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған.

Бүгінде кооператив бірнеше бағытта табысты жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, термопанельдер өндіру, пластик өнімдерін шығару және мал азығын дайындау ісі жолға қойылған. Бұл бағыттар ауыл экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде.

Жобаны жүзеге асыру барысында кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 миллион теңге көлемінде несие алған. Сонымен қатар, кәсіпорын өз қаражатын да тарта отырып, өндіріс көлемін кезең-кезеңімен кеңейтуде.

Кооператив өкілдері өндіріс сапасын арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының Шаньдун өлкесіндегі Цибо қаласы мен Цзянсу өңіріне барып, заманауи техникалармен жабдықталған. Олардың қатарында тракторлар, шөп оратын, дән себетін, рулон жасайтын және пластик өнімдерін өндіруге арналған арнайы құрылғылар бар.

Жаңа технологиялар енгізілген өндіріс орны бүгінде бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл тек Жаскешу ауылдық округінің тұрғындарын ғана емес, көршілес елді мекендерді де қажетті өнімдермен қамтуға жол ашады.

Кооператив жұмысымен танысқан аудан әкімі атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, мұндай өндірістік бастамаларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІ 63-ТУРНИРІ ӨТУДЕ

berdaly_oraz

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтіп жатыр

berdaly_oraz