ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

дереккөз фото Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының оқушылары АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өткен FIRST робототехникадан әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орын иеленді. Ауқымды додаға әлемнің 50 000-нан астам қатысушысы жиналды, ал Қазақстан атынан 225 оқушыдан құралған делегация қатысты.

Жарыста Tolebi Daryn командасы «Unearthed» тақырыбы аясында археология бағытындағы инновациялық жобасын ұсынып, төрт негізгі кезең бойынша сынға түсті: инновациялық жоба (Innovation Project), роботтың миссияларды орындауы (Robot Performance), робот дизайны (Robot Design) және командалық құндылықтар (Core Values).

Нәтижесінде команда FIRST LEGO League Challenge санатында әлемнің үздік 5 командасының қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып, II орынға ие болды

Ұқсас жаңалықтар

Цифрлық теңге «алдау құралы» ретінде: алаяқтардың жаңа схемасы

berdaly_oraz

Арыста заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қойылды

Сауранда жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай бар