дереккөз фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылуда. «Кең Дала» бағдарламасы аясында 1441 жоба қаржыландырылып, жаздық дақылдар, 388 мың гектарға егілді. Шаруаларды қолдау үшін 15 мың тонна жанар — жағармай жеңілдетілген бағамен беріліп, егістік алқаптарға 54 мың тонна тыңайтқыш енгізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков көктемгі науқан барысын қарап, суғару маусымына дайындық мәселелерін пысықтады. Сондай- ақ отандық тыңайтқыштарды уақтылы жеткізу және су үнемдеу технологияларын кеңейту тапсырылды. Қазір 531 шаруа қожалығы осы жүйелерді енгізіп жатыр, ал жалпы жоспар — 34 мың гектар алқапты қамту.
Өткен жылы су үнемдеу технологияларының арқасында 195 млн текше метр су үнемделген. Биыл да бұл бағыт жалғасып, су ресурстарын тиімді пайдалану мен ағын суға бақылауды күшейту басты назарда болмақ.
