ТҮРКІСТАНДА ВЕЛОЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында веложолдарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Б.Саттархаев даңғылы бойында жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын аумақта веложолдар ретке келтіріліп жатыр.

Бұдан бөлек, Қызылорда тас жолы бойында 12 шақырым, Кентау тас жолы бойында 3,5 шақырым, Байбүрт көшесінде 1 шақырым және С.Қожанов көшесінде 1,5 шақырым аумақта арнайы веложолақтар сызылып, пайдалануға дайындалуда.

Жаңарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: АҚҚАЛА АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте заманауи музыкалық субұрқақ пайдалануға берілді

berdaly_oraz

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

berdaly_oraz