Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңгеге жетті

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңге шамасында. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мұқсимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын индексациялау заңмен міндетті түрде жүргізіледі. Бұл қадам инфляцияның әсерін азайтып, еңбекақы деңгейін сақтауға, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру мен кадрларды ұстап қалуға бағытталған.

Биыл қаңтар айында басшылық құрамға кірмейтін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 16%-ға артқан. Ал келесі индексация кезеңі үш жылдан кейін жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 83 мың мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері – 440 мың теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстың ажары кімге аманат? Қаланы көркейтуге қомақты инвестиция құйған кәсіпорын

Redaktor Arysinfo

Облыстық «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы мәресіне жетті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

berdaly_oraz