САЙРАМДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Сайрам ауд әкімдігі

Сайрам ауданында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында аналардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі ерекше атап өтілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың №1223 Жарлығына сәйкес, аудан бойынша 39 ана мемлекеттік наградаларға ие болды. Оның ішінде 5 ана «Алтын алқа», ал 34 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков табыстап, аналарды құттықтады. Ол өз сөзінде көпбалалы аналардың отбасы құндылықтарын нығайтудағы және саналы ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі айрықша екенін атап өтті.

Шара барысында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Көпбалалы аналар – елдің демографиялық дамуына үлес қосып, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын жандар.

Мұндай марапаттар аналардың мәртебесін арттырып қана қоймай, отбасы институтын нығайтуға да оң ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп жатыр

Redaktor Arysinfo

Арыста сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған меморандум жасалды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте полиция SIM-box арқылы жасалған заңсыз әрекеттерді анықтады

berdaly_oraz