ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАСТАРҒА ӘСКЕРИ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы әскери бөлімде танымдық экскурсия өтті. Іс-шара партияның «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылып, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға және отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды.

Шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, облыстық мәслихат депутаты, әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.

Экскурсия барысында әскери бөлім қызметкерлері қатысушыларға әскери өмірдің қыр-сырын таныстырып, қару-жарақтар мен техникалардың мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Жастар сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, әскери қызметтің тәртібі мен дайындық үдерістері жөнінде кеңінен ақпарат алды. Сондай-ақ әскери техникалар көрсетіліп, олардың қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс-шара барысында Қалыйма Жантөреева сөз сөйлеп, жастарды елге адал қызмет етуге шақырды. Ол Отан қорғаушылар күні – тек әскери қызметшілердің ғана емес, ел қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген барлық азаматтарға көрсетілетін құрмет екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың бойында жауапкершілік, тәртіп, адалдық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Экскурсия қатысушылары әскери қызметтің тек қатаң тәртіппен шектелмейтінін, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететінін түсінді. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, әскери мамандыққа деген көзқарастарын кеңейтті.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен бұл шара жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті. Жалпы, «QAISAR» жобасы аясындағы мұндай іс-шаралар жастарды елжанды, жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Инватакси – қолжетімді әрі цифрлы көлік қызметі: Астана мен Алматыда жаңа пилоттық жоба іске қосылды

berdaly_oraz

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Redaktor Arysinfo

ЕРТЕҢ СЫРДАРИЯ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АПАРАТЫН ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

berdaly_oraz