Дереккөз, фото: Шардара ауд әкімдігі
Шардара ауданында кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында «Инвест Керуен» жобасы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылады.
Іс-шараға аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы қатысып, өңірдегі кәсіпкерлер, инвесторлар және шаруа қожалықтарының өкілдерімен ашық форматта пікір алмасады. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады.
Атап айтқанда, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезіндегі түйткілдер, жер және инфрақұрылым мәселелері, рұқсат құжаттары мен мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен сөз болады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық қолдау көрсету тетіктері қарастырылады.
Іс-шараның басты мақсаты – бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог орнатып, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және ауданның инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру.
Кездесуге аудан кәсіпкерлері, инвесторлар, шаруа қожалықтарының жетекшілері, сала мамандары және кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 13 мамыр
🕒 Уақыты: сағат 15:00
📍 Өтетін орны: Абай мәдениет үйі
Баршаңызды аталған кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
