Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Еңбек жолы» конкурсына құжат қабылдау басталды. Байқаудың негізгі мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, жастарды адал еңбекке баулу және еңбек дәстүрлерін кеңінен насихаттау.
Конкурс үш номинация бойынша өтеді: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы». Байқауға түрлі салада еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлері қатыса алады.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Әр номинация бойынша жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталады.
Қатысу үшін үміткерлер еркін нысандағы өтініш, жеке куәлік көшірмесі, жұмыс өтілін растайтын құжаттар, ұсыным хат, сондай-ақ қосымша марапаттар мен сертификаттарды (бар болған жағдайда) ұсынуы қажет. Қалауы бойынша 1–2 минуттық бейнеролик пен қысқаша презентация (1 минутқа дейін) қоса тіркеуге болады. Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.
Өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Шымкент қаласы, С. Бәйтереков көшесі, 89.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 27-71-37
WhatsApp арқылы хабарласуға болады:
Абай ауданы – 8 707 978 94 59
Әл-Фараби ауданы – 8 708 149 00 51
Қаратау ауданы – 8 777 105 36 37
Еңбекші ауданы – 8 778 144 43 88
Тұран ауданы – 8 775 214 11 88
Еңбекті бағалап, өз салаңыздың үздігі атануға мүмкіндік алыңыз!
