Дереккөз, фото: Сауран ауд әкімдігі
Сауран ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ердің жолы – елге қызмет» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев қатысып, тұрғындарды қос мерекемен құттықтады. Олар өз сөздерінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары өкілдерінің және ардагерлердің еңбегі айрықша екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік қойылымдар елге деген сүйіспеншілік пен ерлік рухын дәріптеді.
Шара соңында қатысушыларға сый-сияпаттар табысталып, мерекелік кеш жоғары деңгейде қорытындыланды.
