МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Мақтаарал ауд әкімдігі

Мақтаарал ауданында тұрғындарға арналған қаржылық сауаттылық пен құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған семинар-тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржыны тиімді басқару дағдыларын арттыру, құқықтық білімін нығайту және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақтылығын қолдау.

Семинар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков және PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова қатысып, тұрғындарға тәжірибелік тұрғыда пайдалы кеңестер берді.

Кездесу барысында қаржылық мәселелерді басқару, қарыз жүктемесін азайту, банк шоттарын бұғаттан босату жолдары және құқықтық көмек алу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық қиындықтарды шешудің тиімді тәсілдері ұсынылды.

Спикерлер қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім әр азаматтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі екенін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, алаяқтық әрекеттерден сақтану, несие рәсімдеу кезінде назар аударатын жайттар және құқықтық көмекке жүгіну жолдары бойынша тегін кеңес алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қарсыбаев Арман Романұлының басты қағидасы – қоғам игілігі жолындағы жүйелі жұмыс пен нақты нәтиже

berdaly_oraz

25 ақпан күні Арыста электр жарығы уақытша сөнеді

berdaly_oraz

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz