АРЫСТА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Жеңіс күні қарсаңында Арыс қаласында тыл еңбеккерлеріне арналған тағылымды кеш ұйымдастырылды. Ардагерлер үйінде өткен бұл мазмұнды іс-шара Түркістан облысының Славян этно-мәдени орталығы мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы және қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асты.

Кешке қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Славян мәдени орталығының өкілі Марина Лимаренко, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ізбасар Назаров, қала ақсақалдары мен 40-қа жуық тыл ардагерлері қатысты.

Іс-шара барысында тыл еңбеккерлерінің соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі ерекше атап өтіліп, олардың ел үшін сіңірген қызметіне құрмет көрсетілді. Қала басшылығы ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, Шымкент қаласынан келген «Южный город» вокалдық тобы өнер көрсетті. Соғыс жылдарының әндері мен патриоттық шығармалар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Жиын барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Мұндай тағылымды шаралар аға буынға деген құрметті арттырып, ел тарихына деген тағзымды нығайта түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста Наурыз мейрамы кең көлемде тойланады

berdaly_oraz

СОЗАҚТА СУ ҚОРЫ КӨЛЕМІ АРТЫП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

berdaly_oraz