АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиын барысында қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков, Арыс гарнизоны бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Қасымхан Жұмағұлов және ардагерлер майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт уақытта өмірден өткен ардагерлердің рухына тағзым етті. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұнан кейін қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алып шығып, іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Мерекеде қала әкімі Қайсар Зәкірұлы мен мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, әскери қызметте жоғары кәсібилік танытқан, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қала өміріне белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

Іс-шара соңы Жеңістің 81 жылдығы мен Қарулы Күштердің 34 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық хор ұжымдары арасындағы патриоттық ән байқауымен жалғасын тауып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аталған іс-шара ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетіп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш тұрғындары облыс әкімімен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

berdaly_oraz

Арыста Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

berdaly_oraz

«Үсті-басы су болып,үйге әрең жетті» Монтайтастық тұрғын көшеде иесіз жүрген иттің 11 жасар қызын тістей жаздағанын айтып,шағымданды

berdaly_oraz