Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

Келес аудандық полициясы үш жылдан астам халықаралық іздеуде болған 60 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол 2021 жылдың желтоқсанынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген.

Жедел уәкілдер жүргізген тексеру нәтижесінде күдікті Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Қазіргі таңда ол қамауға алынды, ал тергеу барысында қылмысқа қатыстылығы толық дәлелденіп, іс сотқа жолданды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шардара су қоймасында тұқы балығын аулаудан Қазақстан чемпионаты өтті

Түркістан темір жол вокзалы сатылымға қойылды

berdaly_oraz

Тазалыққа немқұрайды қараған 333 тұрғын жауапқа тартылды

Redaktor Arysinfo