САРЫАҒАШТА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары мен ауданның бірқатар азаматтары Ұлы Отан соғысы ардагерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ардагерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды. Сонымен қатар, майдангердің ел үшін атқарған ерлігі мен өнегелі өмір жолы ерекше ілтипатпен айтылды.

Ардагер ақсақал келген қонақтарға ақ батасын беріп, көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін ризашылығын білдірді.

Жеңіс күніне арналған мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рух беріп, ел тарихына деген құрметті арттыра түседі. Ардагерлерді ардақтау – бейбіт өмір сыйлаған аға буынға деген құрметтің жарқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ – КӨКТЕМГІ ДАЛА ЕҢБЕГІ

berdaly_oraz

Республика күні қарсаңында Ақдала ауылында жаңа спорт кешені ашылды

berdaly_oraz

Түркістан театрында “Мәңгілік бала бейне” қойылымы сахналанды