OРДАБАСЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА

Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауыл округіндегі бірқатар инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Береке ауылын ауызсумен қамту жүйесінің жұмысын көрді. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауызсуды Шұбар ауылындағы су жүйесі арқылы пайдаланып келген. Қазіргі таңда Шұбар ауылынан қосымша су ұңғымасы қазылып, нәтижесінде 1100 абонент тұрақты ауызсумен қамтылып отыр.

Жоба тұрғындарды жеткілікті көлемде және үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Су жүйесі екі бағытта жұмыс істеуге бейімделгендіктен, бір су көзі уақытша тоқтаған жағдайда екінші жүйе автоматты түрде іске қосылады.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі жауапты сала мамандарына ауызсудың сапасы мен тұрақты берілуін бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе электр қуатының үзілуіне байланысты ауызсудың кешігуіне жол бермеу қажеттігін айтты.

Өз кезегінде жауапты бөлім басшысы нысан аумағына қосымша трансформатор орнатылғанын жеткізді.

Сонымен қатар аудан әкімі Шұбар ауылындағы ашық футбол алаңының құрылысымен танысты. Жоба аясында алдағы уақытта балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.

Ауыл аумағында бұдан бөлек орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, ауыл әкімдігі маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

70 литр жүк көтеретін агродрондар енді Түркістанда өндіріледі

Redaktor Arysinfo

Қ.МАҢҚАРАЕВ: ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ БОРЫШЫ

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Түлкібас ауданында асық ату спортынан чемпионат өтті