МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп саласын дамыту, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы жөнінде баяндалды. Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібіндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы да ақпарат берілді.

Нұрлыбек Нәлібаев қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайту және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар көлік-логистика жүйесін жетілдіру және құрылыс саласын дамыту мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысында Президент инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды, отандық өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
 

Ұқсас жаңалықтар

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ЗАҢ АЯСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҰШТАСУЫ ТИІС

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

Түркістан облысының бозбалалары әлем чемпионатынан қос медальмен оралды