НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИТАЛИЯЛЫҚ “Magister Art”КОМПАНИЯСЫМЕН ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Дереккөз фото:Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров италиялық “Magister Art” компаниясының президенті Ренато Сапоритомен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында құрылыс, мәдениет, креативті индустрия және халықаралық әріптестік бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Аймақ басшысы өңірдің тарихи- мәдени құндылықтарын әлемге таныту, туризм саласының әлеуетін арттыру және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар облыста инвестициялық жобаларды көбейту мен туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

– Қасиетті Түркістан өңіріне қош келдіңіздер. Біз үшін инвестиция тарту, өндірісті өркендету, сондай-ақ туризм, мәдениет және рухани салаларды дамыту маңызды. Жаңа сәулеттік бастамалар мен тың жобаларға қатысты ұсыныстарды қарастыруға әрдайым дайынбыз,- деді Нұралхан Көшеров.

Өз кезегінде Ренато Сапорито қонақжай қабылдау үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға әр сапары ерекше әсер қалдыратынын айтты. Сондай-ақ ұсынылған бастамаларды жан-жақты зерделеп, өзара тиімді серіктестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу аясында өңірде мәдени-туристік жобаларды жүзеге асыру, тарихи нысандарды цифрлық форматта таныстыру, халықаралық көрмелер ұйымдастыру және шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері сөз болды.

Тараптар алдағы уақытта өзара байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, Magister Art — мәдениет пен креативті индустрия саласында цифрлық технологияларды қолдануға маманданған инновациялық компания. Ұйымның басты мақсаты — ұлттық мәдени мұраны заманауи форматта насихаттап, халықаралық деңгейде таныту. Компанияның негізгі кеңселері Милан және Рим қалаларында орналасқан.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

berdaly_oraz

Шымкентте терроризмді насихаттаған және діни алауыздықты қоздырған адамға үкім шықты

Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты