АСТАНА 2027-ЖЫЛЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ

Фото:insports_kz

Қазақстанға Халықаралық үстел теннисі федерациясының ITTF туы ресми түрде табысталып, 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетіні жарияланды.

Лондонда өтіп жатқан әлем біріншілігі барысында ITTF туы салтанатты түрде Қазақстанға беріліп, еліміз турнирді өткізу құқығын ресми түрде иеленді. Бұл шешім 2025 жылы өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданып, Қазақстан Франция, АҚШ, Қытай және Бразилия сияқты мықты үміткерлерді артта қалдырған.

Осылайша Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанып отыр. Бұл ел спорты үшін тарихи жетістік ретінде бағалануда.

Ауқымды додаға Астана қаласына 1250- ден астам қатысушы атап айтсақ, спортшылар, бапкерлер, төрешілер келеді деп жоспарланған. Жарыс бірнеше санат бойынша өтеді, ал Қазақстан қабылдаушы ел ретінде қосымша квоталарға ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир Қазақстанның спорттық беделін арттырып қана қоймай, астананы әлемдік үстел теннисі орталықтарының біріне айналдыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАҺАРМАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық акцияның ашылу салтанаты өтті

Түркістан облысы әскерге шақырушылар саны бойынша Республикада көш бастап тұр