Қала мен ауыл арасындағы алшақтық: «Әділет» партиясы өңірлік дамудың жаңа басымдықтарын талқылады

«Әділет» партиясында өткен «Қуатты өңірлер – қуатты ел» стратегиялық сессиясында өңірлердің теңгерімді дамуы, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты азайту жолдары кеңінен сөз болды.

Жиында партияның Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік саясаттың тиімділігі инвестиция көлемімен емес, тұрғындардың өмір сүру сапасының нақты жақсаруымен бағалануы керектігін айтты. Ал Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткенін атап өткенмен, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтың әлі де сақталып отырғанын жеткізді.

Сессия барысында инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп, экология және энергетика салаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Іс-шараға «Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалы да бейнебайланыс арқылы қатысты. Жиынға облыстық филиал төрағасы Нұрлан Толыбаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, саяси кеңес мүшелері мен өңірлік даму кеңесінің өкілдері қатысып, өңірді дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ

berdaly_oraz

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz