ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТАЛАПҚА САЙ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы күрес жұмыстары талапқа сай жалғасып жатыр. Облыс аумағында аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу мен мониторинг күшейтілген.

Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен астам түрі кездеседі. Соның ішінде Марокко шегірткесі ауыл шаруашылығына аса қауіпті зиянкес саналады. Мамандардың айтуынша, олар бір шаршы метр аумақта 200-300-ге дейін шоғырланып, дәнді дақылдар, жайылымдар мен жоңышқа алқаптарына орасан зиян келтіреді.

Түркістан облысында зиянкеске қарсы күресті үйлестіру үшін екі арнайы штаб құрылған. Оның бірі Арыс қаласында, екіншісі Келес ауданында орналасқан. Штаб жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 906 мың гектардан астам аумақты зерттеу жоспарланып, оның 847,5 мың гектары зерделенген. Соның 288,7 мың гектарында зиянкес экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған.

Бүгінде облыстың 10 ауданында жалпы 287,8 мың гектар жер дәріленді. Өңдеу жұмыстарына 168 арнайы техника, 27 су тасығыш көлік және мыңға жуық анықтаушы жұмылдырылған.

Штаб жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес, химиялық өңдеу аяқталған секторлардағы техникалар қауіптілігі жоғары өзге аумақтарға жіберілген. Қазіргі таңда 58 техника – Келес ауданында, 41 техника – Сарыағаш ауданында, ал 31 техника Арыс қаласы аумағында жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Даму және ерте араласу» орталығы ашылды

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу жұмыстары пысықталды

Қазақстанда жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?