Сарыағашта «Жібек жолы» шекара бекетін жаңғырту жұмыстары бақылауда

Сарыағашта «Жібек жолы» шекара бекетін жаңғырту жұмыстары бақылауда,-деп жазады Пресса24.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне арнайы барып, қайта жаңғырту жобасының орындалу қарқынын тексерді. Сапар барысында нысанның құрылыс кезеңдері мен инфрақұрылымдық жаңарту жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі қаралды.

Аудан басшысы мердігер ұйымдарға жұмысты техникалық талаптарға сай әрі бекітілген мерзім шеңберінде аяқтау міндетін жүктеді. Құрылыс сапасы, жұмыс кестесінің сақталуы және пайдаланылатын материалдардың стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау мәселесі де бақылауға алынды.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өткізу пунктінің өткізу қабілеті артып, шекарадан өтушілерге қолайлы жағдай жасалмақ. Жоба ауданның көлік-логистикалық әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН – ОСПАНОВ ӘМЗЕ НАРЫМБЕТҰЛЫ

berdaly_oraz

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздары марапатталды

berdaly_oraz

 ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН АУДАРЫМДАР КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРДЫ