ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕК ҰБТ-ДА 138 БАЛЛ ЖИНАП, ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның 11 «Ә» сынып оқушысы Ильяс Уалихан ұлттық бірыңғай тестілеуде 138 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.

Талапты түлек ҰБТ-да математика мен география пәндерін таңдап, өз білім деңгейін сәтті дәлелдеді. Бұл оның нақты ғылымдарға деген қызығушылығы мен болашақ мамандығына деген мақсаткерлігін байқатады.

Жоғары көрсеткіш – оқушының жүйелі дайындығы, тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Мұндай жетістік ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының да маңызды екенін көрсетеді.

Айта кетейік, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге Шымкент қаласы бойынша 10 287 түлек қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында 51,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды