Түркістанда түркі елдерінің цифрлық даму мәселесіне арналған бейресми саммиті өтеді

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласы тағы бір мәрте халықаралық деңгейдегі маңызды кездесудің орталығына айналмақ. Қасиетті шаһарда Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтіп, онда «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы кеңінен талқыланады.

Саммит барысында жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу және түркі елдері арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері негізгі бағыттардың бірі болады. Кездесу ортақ тарихи байланыстарды заманауи технологиялық даму үрдісімен ұштастырып, жаңа кезеңдегі ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындауға бағытталған.

Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымы құрамындағы мүше және бақылаушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ұйымның Бас хатшысы қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге Ақсақалдар кеңесі мен түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері де бас қосады.

Саммит аясында ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Онда өңірлік ынтымақтастықты күшейту, цифрлық трансформацияны дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылады.

Ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани байланысының символына айналған Түркістан бүгінде жаңа технологиялар мен цифрлық дамуға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын халықаралық алаң ретіндегі маңызын арттырып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласының басшысы тазалық шарасын ширатуды тапсырды