Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылуына қатысты

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс арқылы Түркияда салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты.

Жаңа білім беру мекемесі Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан. Заманауи мектепте 32 бастауыш сынып пен мектепке дейінгі білім беруге арналған 4 сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды.

Оқу ордасы арнайы жабдықталған кабинеттермен, зертханалармен, кітапханамен және мәжіліс залымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары салынған. Кешенде қазақтың ұлттық киіз үйі үлгісінде жасалған шатырлар да орналастырылған.

Құрылыс барысында жоба Түркияның заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес жетілдірілді. Инженерлік шешімдер өңірдің табиғи ерекшеліктеріне бейімделіп, сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан қорғау және энергия үнемдеу жүйелері енгізілген.

Айта кетейік, 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен өңірде жаңа мектеп салу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

 ФУТБОЛ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ: ИСПАНИЯ МЕН АНГЛИЯ АЛАҢДАРЫНДАҒЫ ТАРТЫ

Альфия Адамбек

САРЫАҒАШТА «ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК» АТТЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7263 іс-шара басталды

berdaly_oraz