ЕЛ НАЗАРЫНДАҒЫ САММИТ: ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАҚЫЛАУДА

15 мамыр күні рухани астана – Түркістан қаласында өтетін түркі мемлекеттері басшыларының бейресми саммиті қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

Маңызды халықаралық іс-шараға байланысты қала аумағында құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың тыныштығын қорғау мақсатында қосымша полиция жасақтары жұмылдырылған.

Саммит өтетін нысандар мен оған іргелес аумақтарда бақылау күшейтіліп, қауіпсіздік талаптарына сай тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ қаладағы негізгі көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеу саны артқан.

Жауапты мекемелер тұрғындар мен қонақтарды қауіпсіздік талаптарына түсіністікпен қарап, уақытша енгізілген шектеулерге сабырмен қарауға шақырды. Халықаралық деңгейдегі маңызды жиынның жоғары деңгейде өтуі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

«Жазира Байырбекова тегін неге өзгертті?»

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының полициясы заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі