«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам»
Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл қоғамның ашуын тудырды.Алматы облысының полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме беріп, барлық кінәлілердің, соның ішінде изолятор басшылығының да қатаң жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Тергеу ерекше бақылауға алынды, ал видеоның таралуына қатысты жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Қоғам наразылығы күшейіп, әділдік талап еткендер көбейіп келеді. Дым болмағандай, мәз-мейрам жүрген күдіктілердің әрекеті жұрттың ашу-ызасын туғызуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ОРТАҚ ІС

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Шымкентте төрт күнде 5 368 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді