САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан облысы

Таза Қазақстан аясында Сарыағаш ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті. Тазалық шарасына ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен Сарыағаш қаласының тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысты.

Сенбілік барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар мен саябақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, шөп шабу, ағаштарды ретке келтіру, сырлау және көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Арнайы техникалардың көмегімен жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.

Мұндай экологиялық шаралар ауданның тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да оң ықпал етуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ: КЕЛЕСТЕ 23 ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz