ТҮЛКІБАСТА СУ ЖАҒАЛАУЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дереккөз, фото: Түркістан облысы

Таза Қазақстан аясында Түлкібас ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан әкімі Асқар Естібаев қатысып, жұмыстар Майлыкент ауылдық округінде өтті.

Сенбілік барысында Т. Рысқұлов және Дауан ауылдарының шекарасынан Азаттық ауылының шекарасына дейінгі Арыс өзенінің 4,5 шақырым аумағы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, өзен жағалауындағы ағаш бұталары ретке келтірілді.

Аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтер мен кенттерде де тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ішкі көшелер тазартылып, шөптер орылып, қоғамдық орындарды ретке келтіру шаралары атқарылуда.

Бұдан бөлек, Майлыкент ауылдық округінде жалпы ұзындығы 43 шақырым болатын арық-атыз жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып, табиғатты таза ұстауға бағытталған жүйелі жұмыстардың біріне айналып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сорбұлақтағы тікұшақ апатына байланысты су қоймасының 50%-ы тексерілді

ХАН ЖҮРЕГІНДЕГІ ХАЛЫҚ: ХАНТАҒЫ АҢЫЗЫ 

Redaktor Arysinfo

АРЫСТЫҚ КЕЛІН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА «БАС ЖҮЛДЕНІ» ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo