АРЫСТА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Арыс ауд әкімдігі

Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына орай «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты аудандық іріктеу байқауы ұйымдастырылды.

Тағылымды шара Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өтті.

Байқаудың мақсаты – Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен қоғамдық-мәдени қызметін насихаттау, жастардың тарихи тұлғаларға қызығушылығын арттыру және оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға қала және ауыл мектептерінен 24 үміткер қатысып, тарихи тұлғаның өмірі мен еңбегі туралы білімдерін ортаға салды. Қатысушылар шығармашылық ізденістері мен дайындық деңгейлерін көрсете білді.

Іс-шараның ашылуында ұстаз, ақын әрі журналистер одағының мүшесі Темірхан Әбдіков сөз сөйлеп, ұлттық мұраны дәріптеудің маңызын атап өтті.

Байқауға мәдениет саласының ардагері Әмірхан Жұмағұлов пен Айжан Адилбекова қазылық етті.

Қорытынды бойынша ІІІ орын Серікбай Таңнұрым мен Бегели Аягөзге бұйырды. ІІ орынды Ескермес Гүлдана мен Ораз Қымбат иеленсе, І орын Сәрсенбек Мейірімге табысталды.

Ал байқаудың Бас жүлдесі мен облыстық кезеңге жолдаманы Талжан Айсезім жеңіп алды.

Тәрбиелік мәні зор шара барысында жас буын тарихи тұлғаның мұрасымен тереңірек танысып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер әлемі» атты театрландырылған шара өтті

ТҮРКІСТАНДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРЫП, ҚАЛА КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ТАСКЕСКЕН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ