дереккөз фото: Aikyn.kz.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық деңгейін бағалайтын рейтинг бойынша әлемдегі ең бейбіт 50 елдің қатарына кірді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, Қазақстан 46-орынға тұрақтап, өңірдегі көшбасшы елдердің бірі атанды.
Орталық Азия елдері арасында да Қазақстан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Рейтингте Тәжікстан 47-орынға (1,799 балл), Қырғызстан 61-орынға (1,853 балл), ал Түрікменстан 66-орынға (1,903 балл) жайғасты.
Бұл нәтиже Қазақстандағы қоғамдық тұрақтылықтың, ішкі қауіпсіздіктің және бейбітшілік саясатының тиімділігін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, құқықтық тәртіпті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар рейтингтегі жоғары орынға ықпал еткен.
Қазақстанның әлемдегі ең бейбіт елдер қатарына енуі оның халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, инвестициялық тартымдылығы мен туристік әлеуетінің өсуіне де оң әсерін тигізеді.
