Сөз өнерінің саңлағы Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды

Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды.

Олжас Сүлейменов – әдебиет, тарих, мәдениет пен азаматтық жауапкершілік ұғымдарын тоғыстырған бірегей тұлға. Оның шығармалары ұлттық сөз өнерінің биік деңгейін танытып қана қоймай, қоғамның рухани дамуына, жас ұрпақтың санасына үлкен әсер етіп келеді.

Қаламгердің шығармашылығы мен ағартушылық қызметі – елге адал қызмет етудің, ұлт руханиятына жанашыр болудың жарқын үлгісі. Ол кісінің азаматтық ұстанымы мен бейбітшілік жолындағы еңбегі қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында айрықша орын алады.

 Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында шабдалы өсіру жұмыстары жанданды

Арыстың ауыз суы мен кәріз жүйесі: жауапты жұмыстың артында 102 маман тұр

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында замануи капсулалы үйлер салу ісі дамиды