ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АКВАПАРК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысында туризм саласын дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі – заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды. Жоба Нұралхан Көшеров мен шетелдік инвесторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асуда.

Түркістан қаласында салынатын демалыс кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы және банкет залының құрылысы жоспарланған. Кешен отбасылық демалысты дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Жобаның ерекшеліктерінің бірі – маусымға бейімделген инфрақұрылым. Жаз мезгілінде су аймағы ретінде пайдаланылатын аумақты қыс кезеңінде картинг алаңы ретінде қолдану көзделіп отыр. Осылайша кешен жыл бойы келушілерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аквапарк аумағында биік сырғанақтар, торнадо үлгісіндегі аттракциондар, аква-қамал, кемпірқосақ сырғанағы және балаларға арналған интерактивті ойын алаңдары орналастырылады.

Жаңа туристік нысанның іске асуы өңір экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жоба Түркістан өңірінің туристік тартымдылығын арттырып, еліміздің өзге аймақтары мен шетелден келетін қонақтарға арналған заманауи демалыс орнына айналмақ.

Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістан облысында инвестиция тарту және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «ТЕАМ ВUILDING» атты шарасы өтті

Құны жарты миллион теңге тұратын Монтайтас көшелеріндегі бейнебақылау камералары кімнің бақылауында?

berdaly_oraz

Сайрам мен Ордабасы аудандарында кәсіпкерлер өрт сөндіру бекетін салып жатыр