АРЫСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСКЕТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қаласында ұлағатты ұстаз, банкир әрі спорт жанашыры Оразхан Айдаровтың 63 жас мерейтойына арналған ересектер арасындағы республикалық баскетбол турнирі өтті.

Спорттық жарысқа Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы өңірлерінен, сондай-ақ Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген командалар қатысты. Қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара бақ сынасты.

Турнирдің негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Жарыстың ашылу салтанатында Арыс қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Айдар Манапов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде Оразхан Айдаровтың білім саласымен қатар, Арыс қаласында спорттың дамуына да үлес қосқанын атап өтті.

Бірнеше күнге созылған турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге қызықты кездесулер сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Арыс қаласының командасы иеленсе, ІІ орын Жамбыл облысы командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Шиелі құрамасы еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады: мәдениет пен ақпарат саласындағы жұмыстар талқыланды

Redaktor Arysinfo

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

berdaly_oraz