ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қарағанды қаласында 8–12 ақпан аралығында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне барлық өңірлерден 517 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Дүбірлі додада Түркістан облысы құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 11 медаль еншіледі: 4 алтын, 3 күміс және 4 қола. 50 келіде Жадыра Пайыз, 59 келіде Гүлзира Құдасбек, 64 келіде Меруерт Нұрмаханова және +80 келіде Нұрилла Асанқызы чемпион атанды. Күміс жүлдені 50 келіде Айман Ибрагимова мен Шолпан Алтынбек, 72 келіде Ақбота Қыдырәлі иеленді. Ал қола медальді 50 келіде Айжан Жылқыбаева, 54 келіде Әлия Рад, 59 келіде Сая Әуелбекова және 80 келіде Ұлболсын Адилова жеңіп алды. Нәтижесінде Түркістан облысының командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда есірткіге қарсы күрес күшейді: 537 сайт бұғатталып, 155 құқықбұзушылық анықталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан: мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерьлердің дайындығы пысықталды

Түркістан: Түлкібаста 2 кіші футбол алаңы пайдалануға берілді