ҚАЗЫҒҰРТТА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде төрт негізгі мәселе талқыланды:

Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістері мен шығыстары
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жоспарының жүзеге асуы
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы–Термез» тас жолы бойындағы жұмыстар

Жиын барысында жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар анықталған кемшіліктер талданып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытында орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

 ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСКЕН ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИНАЛУДА

Дермене ауылында цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

berdaly_oraz

Ине жұтқан сәби: бір сәттік немқұрайлылық – үлкен қауіп