Кентау облысында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «AL FARABI» интеллектуалды ойыны биыл да өз жалғасын тапты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын бұл білім бәйгесіне 500-ге жуық команда, 2500 жас қатысып, өз бақтарын сынады.
Зияткерлік сайысқа қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтар бойынша білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен жылдамдықты қатар көрсетті. Командалар арасындағы тартысты бәсеке ойынның көркін қыздырып, қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен эрудициясын айқындады.
Ауқымды дода жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа достар табуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл жоба жас буынның зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «AL FARABI» ойыны алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасып, жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын арттыра бермек.
