ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІ –4 ЖЫЛ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНБЕК

Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, құжат жаңа консультативтік органның құқықтық мәртебесін айқындайды.

Министрдің сөзінше, Халық Кеңесі мемлекеттік органдардың қызметін алмастырмайды және олардың функцияларын қайталамайды. Керісінше, ол ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейтін пікір алмасу алаңы ретінде жұмыс істемек.

Заң жобасында Халық Кеңесінің ұйымдастырушылық құрылымы нақты белгіленген. Сессия — негізгі шешімдер қабылданатын жоғары орган болып саналады. Оның құзыретіне заңнамалық бастамалар мен референдум өткізу жөніндегі ұсыныстар енгізу де кіреді.

Халық Кеңесінің жалпы құрамы 126 мүшеден тұрады. Жаңа орган мүшелерінің өкілеттік мерзімі 4 жыл болып белгіленбек.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Батырлар рухы жаңғыратын ерекше мәдени шара өтпек

Redaktor Arysinfo

Арыс: Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды