Батырлар рухы жаңғыратын ерекше мәдени шара өтпек

Батырлар рухы жаңғыратын ерекше мәдени шара өтпек

Киелі шаһарда «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты облыстық байқау ұйымдастырылады. Эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтуға арналған бұл додаға балалар мен жасөспірімдер қатысып, өз өнерлерін ортаға салмақ. Байқауды облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отыр. Өңірдің барлық аудан, қалаларынан жас дарындарға мүмкіндік берілмек.

Шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының бай тарихи мұрасын, батырлар ерлігін дәріптеп, ұлттық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Жастардың рухани танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған байқау 17 сәуір күні «Керуен сарай» кешенінде өтеді. Бұл күні қазақтың әйгілі «Алпамыс батыр» жыры қайта жаңғырып, көрерменге ерекше әсер сыйламақ.

Ұқсас жаңалықтар

Батыс өңірлерде көліктерді заңсыз тіркеу схемасы әшкереленді: мемлекетке 705 млн теңге шығын келген

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Альфия Адамбек

Ордабасыда ерлік: полицейлер ер адамды өлім аузынан арашалап қалды

berdaly_oraz