Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Түркістан қаласындағы «TULGA SCHOOL» жекеменшік мектебінің 11 «Д» сынып оқушылары Жаңбырбай Айсұлтан мен Нышанбаев Жасур 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары нәтиже — 140 балл жинап, өңір мерейін үстем етті.

Екі талапкер де бір сыныпта білім алып, ҰБТ-да дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған. Сонымен қатар халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл иеленіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Түркістан қаласының тұрғыны Нышанбаев Жасур алғашқы қаңтар айындағы тестілеуде 120 балл жинаса, наурызда нәтижесін 128 балға жеткізген. Ал негізгі мамыр айындағы ҰБТ-да табандылық пен жүйелі дайындықтың арқасында 140 балл көрсеткішіне қол жеткізді.

Ал Шымкент қаласынан арнайы келіп оқыған Жаңбырбай Айсұлтан мектеп жатақханасында тұрып білім алған. Ол да қаңтарда 125 балл, наурызда 128 балл жинап, әр кезең сайын нәтижесін жақсартып отырған. Нәтижесінде негізгі тестілеуде ең жоғары межені бағындырды.

Қос түлек болашақта Maqsut Narikbayev University университетінде аударма ісі мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Олардың мақсаты — халықаралық деңгейде қызмет етіп, кәсіби маман атану.

Мектеп ұжымы бұл жетістікті оқушылардың еңбегімен қатар, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың тынымсыз жұмысының жемісі деп бағалап отыр. Бір сыныптан екі бірдей 140 балл иегерінің шығуы — Түркістан өңіріндегі білім сапасының артып келе жатқанын көрсететін маңызды жетістік.

Ұқсас жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Redaktor Arysinfo

Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүргенін мәлімдеп, кезекті ойынына байкот жарияламақ

berdaly_oraz

Президент Конституциялық комиссия жұмысына жоғары баға берді

berdaly_oraz