Арыс: Ардагер тұрғындарды Қабылсай арнасын таза ұстауға шақырды

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Қабылсай табиғи арнасының тазалығы жергілікті тұрғындардың назарында. Аумақта жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізілгенімен, кей тұстарда тұрмыстық қалдықтардың қайта жиналуы мәселесі байқалады.

Осыған байланысты Арыс қаласының «Әкелер мектебінің» төрағасы, ел жанашыры Иманқұл Қалиев арыстық тұрғындарға үндеу жасап, ортақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, тазалықты қамтамасыз ету тек арнайы қызметтердің жұмысы емес, әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты.

Қоқысты табиғи арнаға немесе белгіленбеген жерлерге тастау қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, аумақтың көркін бұзады. Сондықтан тұрғындардан Қабылсай маңын таза ұстауға және жиналған қоқысты арнайы орындарға шығаруға мән беру сұралды.

Қабылсайдың тазалығы – оны бір рет жинаумен емес, күнделікті сақтаумен қамтамасыз етіледі. Табиғи ортаны қорғау мен елді мекенді көркейтуге әр тұрғын өз үлесін қоса алады.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда ҰҚК бөлімшесінің жаңа басшысы таныстырылды

berdaly_oraz

Түркістандық ақын халықаралық мүшәйрада жүлдеге ие болды

Түркістан: «Балалар үні» өнер фестивалінде 600-ден астам бала өнер көрсетті