ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ – ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ БОЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

2026 жылғы 13–14 мамыр күндері Қазан қаласында ИСЕСКО Бас конференциясының 15-ші сессиясы өтті. Жиында ұйымның 2020–2025 жылдар аралығындағы қызметі қорытындыланып, 2026–2029 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланды.

Конференция барысында Түркістан қаласын 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде ұсыну бастамасы Қазақстан үшін маңызды мәдени қадам екені атап өтілді.

Сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасы ретінде «Тоғызқұмалақ», «Ою-өрнек» және «Қармақшы жыраулары» ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілгені айтылды.

Бұдан бөлек, 2026 жылы Алматы қаласында әл-Фарабиге арналған халықаралық конференция өтетіні хабарланды.

Айта кетейік, ИСЕСКО Бас конференциясы төрт жылда бір рет ұйымдастырылады

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында тұрғындарға ауыз су тарату уақытша тоқтаылды

berdaly_oraz

12 ақпанда Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров өндіріс орындарын ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды