ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында шіркейлерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Аталған жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында.

Қазіргі таңда Сырдария өзені бойында шіркейлерге қарсы кешенді дезинсекциялық жұмыстардың 8-кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Дәрілеу жұмыстары Шардара ауданы аумағында өзен арнасы бойымен әр 20-25 шақырым сайын жүргізілуде. Атап айтқанда, Шардара қаласынан бастап Тұрысбеков, Көксу, Ұзыната, Қазақстан және Сүткент елді мекендері маңындағы учаскелер қамтылған.

Жалпы залалсыздандыру шараларына 17 арнайы техника, 10 қайық және 28 білікті маман жұмылдырылған. Белгіленген аумақтардағы жұмыстардың сапасы мен тиімділігі облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жаңа шағынаудан бой көтереді

berdaly_oraz

Түркістанда мемлекеттік рәміздер ұлықталды

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ: ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БЕС ЗЕРТТЕУШІГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo