АСТАНАДА «АЛТЫН ОРДА – ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІСІ: ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ, МӘДЕНИЕТ, БІРЕГЕЙЛІК» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТІП ЖАТЫР

Елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады.

Ауқымды ғылыми жиынға әлемнің 20-дан астам елінен делегациялар қатысуда. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Симпозиум барысында Алтын Орданың тарихи мұрасы, дала өркениетінің әлемдік тарихтағы орны, археологиялық зерттеулер мен мәдени сабақтастық мәселелері талқылануда. Сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды пікір алмасулар өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Қазығұрттық жастар 1700 метрлік биіктікке мемлекеттік Туды тікті

berdaly_oraz

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек